АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтарыЖаңалықтар

[:kz]»Алты жылдан бері күресіп келеміз»: Ерлан Қарин сал ауруына шалдыққан кішкентай қызы жайлы әсерлі жазба қалдырды [:]

[:kz]

 

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин алты жасар қызы Сафияның туғалы бері сал ауруымен күресіп келе жатқанын айтып, желіде жазба қалдырды. Дәрігерлер қанша қорқытса да, хатшының кішкентай қызы ауыр сырқатты жеңіп келеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Бүгін Дүниежүзілік церебралды сал ауруына шалдыққан балаларды қорғау күні.

Мемхатшы осыған орай әсерлі жазба қалдырды.

«Сафияның екі аяғында да гипс бар. Сіңірлерді созу үшін жарты жылда бір қоямыз. Бұл оған оңай емес, гипс аяғын қажап тастайды. Басқа адамның көмегінсіз қозғалып, жүре алмай қалады. Бірақ Сафия жыламайды, бәрін тік тұрып қабылдайды.

Алты жылдан бері біз балалар церебралды сал ауруымен күресіп келеміз. Осы аралықта оның шыдамы мен төзіміне қайран қалдым. Біз қамыққан сәтте ол жаңа жетістігімен қуантатын. Дәрігерлер оның өз еркімен жүрмейтінін, өзі отырып-тұрып, қолына қасық ұстай алмайтынын айтып, қорқытқан. Бірақ мұндай болжамдарға қарамастан Сафия үлкен жетістіктерге жетті. Десе де, бізге әлі көп жұмыс істеу керек. Баланы ортаға бейімдеу, әлеуметтік дағдыларды үйрету өте маңызды.

Сафия балалармен ойнап, жүгіріп, араласа алмайтын. Оның үстіне, кішкентайынан аурухана мен оңалту орталықтарында көп жүрді. Сондықтан ол жай ғана басқа адамды көрсе қорқатын. Осыдан соң біз тәуекелге бардық. Сафияны әпкесімен бірге балабақшаға бердік.

Оған екі есе ауыр болды. Бірақ ең соңында өз қорқынышын жеңіп шықты. Сондай-ақ біз әрбір демалыста адам көп жүретін дүкендер мен кинотеатрларға барамыз. Осы арқылы оны үлкен ұжымдарға үйреткіміз келеді. Қоғамдық орындарда (кинотеатр, кафе, саябақтар) ерекше баласымен жүретін ата-аналардың аздығы мені әлі таң қалдырады. Біздің қоғамда өз проблемаңды жасырып қана қоймай, тығып қоятын комплекс қалыптасқан. Біздің ерекше балаларымыздан гөрі, ересектерді әңгімелесуге шақыру қиын сияқты. Мүмкін, проблеманың барлығы осыда шығар?!», — деп жазды мемлекеттік хатшы.

 

kaz.nur.kz

 

[:]