[:kz]
Кеше әлеуметтік желілерде Төреғалидың сөзін сөйлеген аты-жөні белгісіз ағасының елімізге танымал тұлғаға телефон арқылы балағат сөз айтқан видеожазбасы желіні шарлап кеткен еді. Анықталғандай, телефон арқылы балағат сөз естіген Алтынай Жорабаеваның інісі — Талғат Жорабаев болып шықты. Бұл туралы жазба авторы журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Facebook парақшасында мәлімдеді.
«Асхат Садырбай бүгін қоңырау шалып, еліміздегі порталдар аудиожазбадағы сөйлескен әңгімелерді шатастырып алғанын айтты. Аудиожазбадағы сөйлескен жас жігіт — әнші Талғат Жорабаев. Оған қоңырау шалушыны жақын арада айтамын. Асхатқа түк қатысы жоқ. Бірақ, Төрештеріңіз өткенде Асхатқа осындай сарында доқ көрсеткен. Сол кезде Асхат Төреғали туралы пост жазған екен, мына отырған халық журналиске қарсы шығып, түгін қалдырмай жеп қойыпты. Асхат Садырбай сосын маған шыққан. Бары осы»,-деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.
Журналист аталған аудиожазбаны парақшасында жариялағаннан кейін, Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлерінің өзіне хабарласқанын айтты.
«Алтынай Жорабаева туған інісі Талғатқа біреулер доқ көрсеткенін айтып шырылдамағанда, үндемей отырар едім. Төреғалидың ағасымын деген аудиожазбаны whatsApp желісіне жібергенде кәдімгідей шошып кеттім. Ол аудиожазбаның барлық нұсқасын жарияламай отырмын. Себебі, ол адам жоғары лауазымдық қызметте жұмыс істейді-мыс. Менің жазбаларымды оқып отырған Ұлттық Қауіпсіздік қызметкерлері хабарласып, дәл қазір бұл аудиожазбамен жұмыс істеуде. Сіздер 1 минуттық әңгімені ғана тыңдадыңыздар. Алты минуттай болған бұл аудиожазбаның 2 минутын фейсбук парақшама жарияладым. Сол жерден қалғанын тыңдап көрсеңіздер болады.
Төреғалиден ала алмай жүрген ақым жоқ. Керек десеңіз әнші маған жақын болып келеді. Асхатпен де анау айтқандай сөйлеспеймін. Алтынаймен де бір жерде отырып дастархандас болған емеспін. Ертеңгі күні аяқасты інісіне бірдеңе болып қалса, мен өзімді кешірмеймін. Неге сол кезде болыспадым деп өкінуім де мүмкін. Тек мен ақиқатты ғана жазып отырмын. Көреалмайтындай Төреғали менің жігітімді тартып алған жоқ. Кезінде халық есіріп бара жатқандарды халық алдына шығарып, сабасына түсірген. Төреғали жерде де өмірдің бар екенін, халықтың арқасында еңсесін көтергенін сезіну керек. Тым аспандап кетті. Түссін жерге!»,-деп жазды журналист.
Еске салсақ, кеше порталымызда жарияланға материалда тұтқаның ар жағында тұрған елімізге белгілі тележүргізуші Асхат Садырбай екенін жазған болатынбыз. Кейіннен оның Талғат Жорабаев екені белгілі болды.
Alashainasy.kz
[:]