АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Анасы жындыxанаға жапқан қыз: Жанымды жегідей жейтін бір-ақ нәрсе[:]

[:kz]

Маржан Тұрлыбаева… Бұл есімді бүгінде бірі білсе, бірі білмес. Ақыл-есі дұрыс болса да, өмірінің сегіз жылын жындыханада өткізген бойжеткен. Бірнеше жыл бұрын Маржанның тағдыры бүкіл әлеуметтік желіде де, жаңалықтарда да айтылған болатын. Сол кезден бастап Маржанның тағдырына, өміріне алаңдаған, көңіл бөлген, жанашырлық танытып, тілеулес болған халықтың қарасы көп еді. Оның ішінде басым көпшілігі еліміздің жарық жұлдыздары.

Маржан жындыханада жатқан кезінде халықтан көмек сұрап хат жазған болатын.

«Шалқып жүрсіңдер, адамдар. Мына жақта 8 жыл емес, 8 сағат отыра алмас едіңдер. Өңкей ақылы ауысқан адамдардың ортасында. Адамдар өздеріңізді менің орыныма қойып көріңіздерші, туғаннан шешелерің тастап кетеді, ананың жылуын сезбей, жетімxанада жылап өстім, сөйтіп жүргенде он жасымда бір әйел кеп «анаңмын» деп әкетіп, үйіне апарып көрсетпегенді көрсетеді, ақыры менен құтылу үшін жындыxанаға жауып тынды. Тірі әкемді «әкең жындыxанада өлген, сен де сөйтесің» деді. Әкем тірі болса, өлді деген анықтама жасатқан ба? Ол да сатыла ма? Масқара. Менің қазіргі дәретханаға тасталып жатқан баладан еш айырмашылығым жоқ қой сонда. Ол әйел мені шығармас үшін жыласа да сықтаса да, бәрін істеп жүрген болар, оны жақсы білем. Сонда ана жүрегі жылымаса да, ар алдында өз-өзінен ұялмай ма? Құдайдан қорықпай ма? Он тоғыз жылым осындай азаппен өтті. Алты-ақ сынып білімім бар, маған әлі аттестат алу керек, оқу керек, тұрмыс құру керек. Уақыт деген зулап өтіп жатыр. Ал Шымкенттегі «артын» ойлағандар бір-біріне сілтеп, істі жүргізуге, мені босатуға асығар емес! Өтінем сіздерден, осы іс әділ шешімін табу үшін қоғам болып көмектесіңіздерші» деп халықтан көмек сұраған болатын. Бұл жазба бүкіл қазақ баласының жүрегіне пышақ сұғып алғандай болған еді.

2016 жылдың мамыр айында Маржан өзінің ақыл есінің дұрыс екенін дәлелдеп шыққан болатын.Сол кезде Маржанның қуанышына қуанбаған адам болмаған шығарс сірә?

Бұрындары бүкіл БАҚ бетін шулатқан Маржанның есімін қазір естімейтін болдық. Бүгінгі қал-жағдайы қандай, соңғы жылдардағы өмірі қалай өзгерді, осы және өзге де сұрақтардың жауабын білу үшін Qamshy.kz ақпарат агенттігінің  тілшісі Маржанның өзімен сұхбаттасқан еді.

— Маржан, сіздің жағдайыңызға алаңдамаған қазақстандық жоқ шығар? Қазіргі жағдайыңыз қалай?

Аллаға шүкір жақсы. Кеште болса мектепте білім алдым. Жоғарғы оқу орнына түстім.

Өміріңіздің соңғы жылдары қалай өзгерді?

Өмірімнің соңғы жылдарында да  көп қиыншылықтар болды. Жындыханадан шыққаннан кейінде көптеген  қиыншылықтарды бастан өткердім. Шыны керек жындыханадан шыққаннан кейін барлығы артта қалады деп ойлап едім, бірақ олай емес екен. Қазіргі таңда білім алып жүргенім болмаса, басқа ешқандай өзгеріс болған жоқ.

Алға қойған мақсатыңызбен  жоспарыңыз қандай?

Менің алдағы жоспарым аяққа тұрып кету. Ел қатарлы білім алып, өз-өзімді жетілдірсем деймін.

Армандарыңыз қандай?

Мен бала күнімнен актриса болуды армандайтынмын. Ал бүгінде журналист  болғым келеді. Журналист болғым келетін себебім мен журналистер мен халықтың арқасында ел қатарына қосылдым. Екінші арманым жақсы жар кездестіріп, отбасын құру. Жалпы айтқанда ел қатарлы жақсы өмір сүргім келеді.

Басыңнан қаншама қиыншылықтар өтті. Ал сізді алға жетелеп, сүйреген не нәрсе? 

Мен сегіз жыл жындыханада тұрдым, өмір сүрдім. Мен сол кезде өз-өзімді құзға лақтыра салуыма болатын еді, бірақ мені бір нәрсе алға сүйреді. Не нәрсе алға сүйрегенін өзімде білмеймін. Бәлкім арманым шығар, өмірді жақсы көруім шығар. Адам болып өмірге келдім бе, адам болып өмірден өткім келді.

Өмірдегі өкінішіңіз не?

Шыны керек менің жиырма жылымда өкінішке толы. Анам мені дүниеге әкелгенінің өзі өмірімді құртты деуге болады. Біресе балалар үйінде, біресе жындыханада болдым. Ата-анам қателік істемегенде  мен мұндай өмір сүрмеспе едім. Жалғыздықты көрмеспе едім, жетімнің күйін кешпеспедім деп ойлаймын. Мен тағдырдың басқа салғанына көндім. Бірақ менің  жанымды жегідей жейтін бір-ақ нәрсе, ол- жалғыздық. Бұл менің тағдырым. Бар өмірім алда деп өз-өзімді жұбатумен келемін.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан: Ақнұр Мұхтархан

«Қамшы» сілтейді

 

[:]