АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әніңді тыңдамаймын»: Ержан Максим Валерий Меладзені не үшін жылатқанын айтты[:]

[:kz]

«Голос Дети» байқауына қатысып, Валерий Меладзені жылатқан Ержан Максим Алла Пугачеваның қолынан алтын алқа алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Talk like» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бойына біткен ерекше дауысымен халықты таңдандырған жас әнші Ержан Максим әр дайындық сайын тәлімгері Валерий Меладзені жылатып тастайтын көрінеді. Бұл жайлы өнер иесінің анасы мәлім етті. Финалдағы әнін өз қалауымен таңдап, қандай қарсылық болса да, талантына сенімді болған Ержанның байқауға қатысудағы мақсаты жеңіс емес, әнін ойдағыдай орындап шығып, халықтың ықыласына бөлену болған. 

«Орысшаға осалдау болғаны тәлімгерімен жақын араласуына кедергі болды. Репертуарында орысша әндер сирек кездесетін. Көптеген ән ұсынды. Бірінде акценті қатты байқалса, енді бірі дауысына келмей жатты. Ән таңдау қиын болды. Соңғы шешімді Ержанның өзі қабылдап, Димаштың орындауындағы әнді таңдады. Ән өте ауыр болғандықтан, айта алмайсың дегендер көп болды. Алайда, Ержан айтқанынан қайтпай, ойдағыдай орындап шықты. Валерий Меладзе Ержан финалда айтқан әнін айтып, дайындалып жүрген кезде шыдамай, басын түсіріп алып, айқайлайтын. Көзіне жас толып, «Ержан, сен мені үнемі жылатасың, әніңді тыңдамаймын» деп айтатын», — дейді әншінің анасы.

Ал байқаудан бірінші орын алмағанына қуанатын Ержан өзіне қолдау көрсеткен адамдарға алғысын білдірді. Бұл байқау Ержан үшін үлкен тәжірибе алаңы болған көрінеді. Жақсы адамдармен танысып, керемет достар тапқанына әнші дән риза. Отандасымыз Алла Пугачеваның қолынан алтын алқа алып, рессейлік бірқатар жұлдыздың алғысына бөленген. 

«Алла Пугачева апаммен кездесіп жүрдім. Өзіне ерекше ұнаған төрт баланы мейрамханаға шақырып, қолтаңбасын беріп, алқа сыйлады. Сонымен қатар, түсінде менің әлемдік жұлдыз болғанымды айтты. Ал дайындық барысында Меладзе су бересіз бе десем, жоқ су керек емес, қымыз алып келші деп әзілдейтін. Барлық байқауға қатысқан балалармен доспын. Миша Григорян, Роберд Бограчан, Нино Чеснер, Микела Абрамова, Иван Стариков сынды керемет талантты жандармен танысып, араласып тұрамын», — дейді Ержан.

Stan.kz

[:]