[:kz]
Сахнада өз әнінің сөзін ұмытып қалған Нұрболат Абдуллин тыңдарманның алдында ұятқа қалды. Kaz_starsпарақшасында пайда болған әншінің видеосын көпшілік қызу талқыға салған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Видеодан әншінің бір әннің әуенімен келесі әннің сөзін орындағанын байқауға болады.
Ал желі қолданушылары өз әнінің сөзін жатқа білмеген өнер иесін қатаң сынға алған.«Ұят болды», Шеттерінен өтірік әнші», «Әннің сөзін ұмыту сәнге айналған ба?», «Димаш сияқты түрлі халықтың алдында бірнеше тілде ән айтса қайтер екен?».
«Жанды дауыста ән айтқасын, сөзін жаттау керек қой», «Әнін білмесе несін халықтың алдына шығады?», «Қазіргі әншілерге бәрібір», «Ақрызаманның белгісі. Дауысы жоқ әншілер көбейді».
«Ұмытып қалған жоқ. Шатасып кетті», «Жауапкершілігі жоқ. халықты сыйлауды қойған», «Концерт беру үшін тыңғылықты дайындалып шықпайды ма?», «Сахнаға шығып, білгендерін істеп жатыр». «Көтере алатын ісімен айналыссын», «Халыққа тегін концерт беріп жатқан жоқ. Дайындалу керек», «Жұрт жарты ән есті үшін жарты бағамен кіріп отырған жоқ қой», «Халық не үшін бұлардың еркелігіне көз жұмып қарауы керек? Сахна деген киелі жер», — деп ашуланды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрболат Абдуллин билығы жылы екінші рет әке атанды. Әншінің екінші қызын қырқынан шығарғаны жайлы да белгілі болған еді.
[:]