АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Әнші Юрий Шатунов өмірден өтті [:]

[:kz]

 

Ресейлік танымал әнші, «Ласковый май» тобының солисі Юрий Шатунов 48 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Lenta.ru. Бұл туралы басылымға бүгін, 23 маусымда өнер иесінің директоры Аркадий Кудряшов хабарлаған.

Әншінің қайтыс болғанын медицина саласындағы екі дереккөз де растаған. Басылымның жазуынша, әнші түнде инфаркттан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Айта кетейік, Юрий Шатунов 1973 жылы Башқұртстанда дүниеге келген. Үш жасында ата-анасы ажырасып кеткен. Ал 11 жасында анасы өмірден өткен. Болашақ әншінің жасөспірім шағы балалар үйінде өткен. Бір күні ол сол жерде көркемөнер үйірмесінің жетекшісі Сергей Кузнецовпен танысқан. Осы сәтте бастап Шатунов өнер жолына қадам басқан және әйгілі «Ласковый май» тобының тарихы да осы тұстан бастау алады.

kaz.nur.kz

 

[:]