АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әншілер Арыстағы жарылысқа арнап клип түсірді (видео)[:]

[:kz]

 

 

Қазақстандық эстрада өкілдері Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты клип түсірді. Бейнебаянды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбаев Instagramпарақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 
Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

 

Арысқа арналған әнді орындаушылар қатарында Нұрболат Абдуллин, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, Жанар Дұғалова, Бейбіт Күшқалиев, Нұржан Керменбаев бар.

«Мәдениет және спорт министрілігінің ұсынысымен талантты композитор Ринат Гайсин және айтыскер ақын Данияр Алдабергенов Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз!» әнін жарыққа шығарды. Ал ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы бейнебаян түсіріп, арыстықтардың басындағы қиын-қыстау сәттің бей-жай қалдырмағанын жеткізді.

Расында да, мәдениет және спорт министрлігі мен мәдениет, өнер майталмандары аталған жағдайға жандары күйзеліп, барынша демеу беріп, қолдау көрсетуге тырысуда. Арыс, біз біргеміз! Әрқашан біргеміз!», — деп жазды Айдар Қырықбаев.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының 24-де Арыстағы әскери қоймада жарылыс болған еді.

  

[:]