АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әншілер пластикалық ота жасатқан Әлішер Кәрімовті сөгіп тастады[:]

[:kz]

Шахизада мен Айгүл Иманбаева пластикалық хирургке жүгініп, адам танымастай өзгеріп кеткен Әлішер Кәрімовті сөгіп тастады. Отандық шоу-бизнес жұлдыздары өнердегі інілерінің әрекетін ер адамға сай емес деп есептеп, оның бұрынғы түрі әлдеқайда жақсы болғанын айтты деп жазады «Опмай-опмай» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Шахизада пластикалық ота жасатып тастаған Кәрімовті кезекті тойда кездестіріп, оны танымай қалғанын жасырмады.

Өнер иесі оның қазіргі бет-әлпеті көңілінен шықпағанын ашып айтты.

«Әлішерді көрдім. Ол негізі жасырған жоқ. Маған айтты. Маған бұрынғы түрі ұнайды. Білмеймін неге екенін, бірақ бұрынғы түрі ұнайды.

Ол кезде нағыз азамат, еркектің түрі болатын. Қазір бір жас бала, щегол сияқты түрі. Бір тойда кездесіп, оны танымай қалдым. Иегінен ғана таныдым. Өйткені, бұған дейін фотодан көргенмін.

Өзгеріп кеткені рас. Бұлай өзгерудің қажеті жоқ. Кішкене күтінуге болады. Бірақ, енді қатты өзгеріс керек жоқ.

Онсыз да өз әндерімен таңғалдырып жүр ғой. Түрін жасатып таңғалдырамын деп ойлайтын шығар. Бірақ, олай істей алмайды» , — деді ол.

Әлішердің ота жасатуына Айгүл Иманбаева да өз пікірін білдірді. Ол ер адамдардың мұндай өзгерісіне түбегейлі қарсы екенін айтып, өнердегі інісіне кеңес берді.

«Түк түсінбеймін осы. Одан да мал бақ, жұртқа көмектес, тым болмағанда залға барып темір-терсек көтерсеңші, еркек болған соң. Салонға кейде барып терін ылғалдандырамын демесең, кесіп-тарту деген миыма сыймайды.

Не үшін Алла тағала бізді әйел мен еркек қылып жаратты? Егер әрқайсысы өз миссиясын орындамаса деймін» , — деп қысқа қайырды Иманбаева.

Абай Бегей Иманбаева мен Шахизаданың сөзін толықтай қолдап, Әлішердің қылығын ер адамға сай емес деп тапты.

«Жоқ мен қарсымын. Маған да былтыр қалымды алып тастауға ұсыныс жасаған. Бірақ, ер адам ер адам болып қалу керек» , — деді ол.

 
  

[:]