[:kz]
24 желтоқсан күні UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Қазақстанның оңтүстік астанасына ұшып келді. ОЛ ММА бойынша турнирге мейман болып, алғы сөз сөйледі. Ресейлік спортшы Қазақстанды екінші отанына теңеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/za.khabiba
Нурмагомедов Қазақстанның тек Дағыстан емес, барлық Кавказ үшін орны бөлек екенін айтты.
«Бұл- біздің екінші отанымыз. Мұнда біреулерді жіберді, кейбіреулері көшіп келді. Қазақтар бізді өз бауырлары сияқты қабылдап, әрдайым қолдап жүрді»,- деген Хабиб өз отанында «барлығы есте екенін және оны ешқашан ұмытпайтынын» тілге тиек етті
«Сіздерге көп рахмет», -деді ресейлік чемпион.
Спортшының сөйлеген сәтінің видеосының үзіндісі za.khabiba Instagram-парақшасында жарияланды.
Жазба бірнеше сағаттың ішінде 51 мың қаралым мен 200- ден аса пікір жинады.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов Қазақстанға 24 желтоқсан күні келді. Ол Алматыдағы жанкүйерлерімен кездесу барысында қазақстандық Ник Вуйчичпен футбол ойнады.
Қол- аяқсыз дүниеге келген қазақстандық Әли Тұрғанбеков UFC жұлдызымен кездесіп, «Алматы Арена» сахнасында халық алдында жаттығу өткізді.
Естеріңізге сала кетейік, Италияның суперкубогі сарапқа салынған маңызды матчта туриндік «Ювентус» Римнің «Лациосына» 1:3 есебімен ұтылып, чемпиондық атақтан құр қалды.
[:]