[:kz]
Ләйлә Сұлтанқызының әзілкеш пен журналистен қанша өтемақы талап еткені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ревью» бағдарламасына сілтеме жасап.
Жақында белгілі тележүргізушінің әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекті сотқа бергені белгілі болды. Ләйлә Сұлтанқызы ар-ожданыма нұқсан келтірді, әлеуметтік желі арқылы абыройымды түсірді деп сотқа талап-арыз берген болатын. Тележүргізушінің қорғаушысы оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді.
«Жеке тұлғалар әлеуметтік желідегі аудиториясын ұлғайту мақсатында пиярға қол жеткізу үшін Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызының абыройы мен ар-ожданына нұқсан келтіретін пікірін әлеуметтік желі арқылы таратқан», — дейді қорғаушы.
Жақын күндері бұл мәселеге қатысты екінші мәрте сот отырысы болуы керек еді. Алайда ол кейінге шегерілді. Қазіргі таңда тележүргізуші әзілкеш пен журналистің әрқайсысынан 5 миллион теңге талап етіп отыр. Алайда өзге қорғаушылар бұл қисынға келмейді дейді. Ал, Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушысы алынған сомма қайырымдылыққа жұмсалатынын айтты.
«Нәтижесінде Ләйлә Сұлтанқызы тапталған құқығын қорғау, әділдік орнату, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту және моральдық зиян келтіргені үшін өтемақы талап етіп, алынған соманы қайырымдылыққа аударады», — деп жазылған.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Ләйлә Сұлтанқызының танымал журналист пен әзілкешті сотқа бергені туралы хабарлаған едік. Осы жағдайға қатысты Арман Сқабылұлы пікір білдірген болатын.
[:]