[:kz]
Дамыған елдерде екі ауысымды мектептер атымен жоқ. Тіпті Африканың ең кедей елдерінде (мысалы, Намибия) екі ауысымды мектептен бас тартуда. Оған себеп — балалардың миы маңызды ақпараттарды түстен кейін қабылдамайды. Расында солай.
Ал бізде екі ауысымды айтпағанда үш ауысымды мектептер саны — 137. Мен тұратын Алматыдағы “Зерделі” ауданында бастауыш сыныптар тіпті 4 ауысымда оқиды. Кейбір ауылдарда балалар түнгі 22:00-ге дейін мектепте сабақ оқуға мәжбүр. Олардың сабақтан қайту кездегі қауіпсіздігін кім ойлайды? Кешке, түнде қалай сапалы білім алады?
(Ауылдағы мектептердің жағдайы)
34 мектеп апаттық жағдайда тұр. Кешегі мешітке қанша қаражат бөлінген? 114 млрд теңге (242 млн доллар). Adyrna.kz ақпараттық агенттігі инсайдерлік ақпарат көздері солай мәлімдеп отыр. Түркиялық құрылыс компаниясымен келісім-шарт соммасы солай екен. Бұл соммаға 57 мектеп салуға болады екен. Ең құрығанда апаттық жағдайдағы мектептерді толықтай жаңалап алуға жағдайымыз жетіп тұр екен.
Арман ӘУБӘКІР,
«Адырна» ұлттық порталы
[:]