АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Арман Дәулетияров Головкинге қолдау көрсету үшін АҚШ-қа аттанды [:]

[:kz]

 

Қазақстандық танымал медиаменеджер Арман Дәулетияров Геннадий Головкинге қолдау білдіру үшін Лас-Вегас қаласына ұшып барды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Арман Дәулетияров бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты.

«Мен Лас-Вегастамын. Әрине, бұл қалаға казино ойнау үшін келген жоқпын. Бұл жерге неше мәрте келсем де, ешқашан ойнап көрмеппін. Біріншіден, сенбі күні бұл қалада Головкин мен Канелоның жекпе-жегі өтеді. Қазақстандық боксшыға қолдау білдіруге міндетті түрде барамын. Оның үстіне бұл ауқымды шараға келетін достарыммен кездесіп қайтамын. Геннадий Головкинге сәттілік тілеп, оған қолдау білдіреміз», — деп жазды продюсер. Сонымен қатар медиаменеджер бұл қаланың әсемдігіне қарамастан, ол жерден тезірек кеткісі келетінін айтты.

kaz.nur.kz

[:]