АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арман Қоңыр лаундж барға барғаны үшін жауапқа тартылды[:]

[:kz]

Көңіл көтеру орнының әкімшілігі тек сенімді қонақтарды қабылдаған.

Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін әнші Арман Қоңырбаев жауапқа тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция таратқан мәліметке сәйкес, әнші түнде Абай көшесінде орналасқан лаунж  барда болған.

Жедел-іздестіру шарасы барысында тәртіп сақшылары елдегі төтенше жағдайға қарамастан лаундж бардың жұмыс істеп тұрғанын анықтапты. Көңіл көтеру орнының әкімшілігі тек сенімді қонақтарды қабылдаған. 

«ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабын (Төтенше жағдай режимiн бұзу) бұзғаны үшін 10 адам жауапқа тартылды. Оның арасында Арман Қоңырбаев та бар. Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен Қоңырбаевқа 10 АЕК (26 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Әнші тәртіп бұзғанын мойындады», — делінген қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, лаундж бардың иесі 1992 жылы туған Д. Жусупов та әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Лаунж барда ұсталған 2 адамға 10 АЕК (26 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Қалғандары 5-15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды», — делінген хабарламада.

 

[:]