[:kz]Армения мен Әзірбайжан шекарасында қақтығыс басталды: Ереван Ресей мен ҰҚШҰ-дан көмек сұрайды (видео)[:]

[:kz]

13 қыркүйекте түнде Армения-Әзірбайжан шекарасында атыс басталды. Екі ел қорғаныс министрліктері бір-біріне қарама-қайшы ақпарат ұсынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Армения қорғаныс министрлігі Әзірбайжан қарулы күштерінің артиллерия мен ұшқышсыз аппараттарды қолданып оқ жаудырғанын мәлімдеді. 

«Әзірбайжан қарулы күштері құрылымы 13 қыркүйек 00:05-те артиллериялық, үлкенкалибрлі атыс қаруын пайдаланып, армениялық Гориса, Сотка мен Джермука позицияларын оқ жаудырды», – делінген хабарламада.

Әскери ведомство өкілдері қақтығыс нәтижесінде Әзірбайжанмен шекарада көз жұмғандар мен жарақат алғандардың бар екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Әзірбайжанның азаматтық инфрақұрылымға да соққы жасағанын айтты. 

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі армениялық әскерилерді «арандатты» деп айыптады. Баку 12 қыркүйек түнде «Армения қару күштерінің Дашкесан, Кельбаджар мен Лачин бағыттарында кең көлемді арандату жасағанын» хабарлады.

Қарулы қақтығыс салдарынан Әзірбайжан әскерилерінің позициясы оқ астында қалған.

«Салдарынан жеке құрамда көз жұмғандар бар, әскери инфрақұрылым зақымдалды», – делінген хабарламада. 

Әзірбайжан күштік құрылымдары «Арменияның оқ ату нүктелерін басу үшін және кең көлемді әскери қақтығыстың болдырмау үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын» мәлімдеген. 

Армения премьер-министрі Никол Пашинян қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, жанжалды Ресей президенті Владимир Путинмен және Франция президенті Эммануэль Макронмен талқылаған. 

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы нәтижесінде Ресейден көмек сұрау туралы шешім қабылданды. 

«Отырыс барысында Әзірбайжанның Армения аумағының тұтастығына қарсы түнде басталған агрессиялы әрекеттеріне жауап беру талқыланды. Осыған байланысты Достық туралы келісімшартты жүзеге асыру мақсатында Ресей Федерациясына , Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ресми жүгіну туралы шешім қабылданды», – делінген Армения министрлер кабинетінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

[:]