АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыс пен Отардағы оқ-дәрілерді жою кезінде миллиардтар ұрланған[:]

[:kz]

Нұр-Сұлтан бойынша Экономикалық тергеу депараменті бірінші тергеу басқармасының жетекшісі Болат Қамитов Арыс пен Отардағы әскери бөлімдерінде оқ-дәрілерді жою барысында ірі сомада ақша ұрланғаны туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

зщако

Көрнекі фото: NUR.KZ

«Арыс және Отар қалаларының әскери бөлімдерінде әскери оқ-дәрілерді жою кезінде, сынықтар мен металдарды сату барысында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде «Қазтехнология» АҚ-тан 1,7 млрд теңгеден астам сомадағы ұрлық фактісі анықталды», — деді Қамитов ОКҚ өткен брифингте.

Алайда ол тергеудің бастапқы сатыда тұрғанын, сондықтан егжей-тегжейлі мәлімет берілмейтінін айта кетті.

«Бірақ біз қазір сотқа дейінгі тергеудің бастапқы сатысында тұрғандықтан басқа деректер жарияланбайды», — деді басқарма басшысы.

Еске сала кетсек, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде белгілі бір мөлшерде атыс қаруының жетіспейтіні анықталған.

Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

Ал бірнеше күннен кейін оның екі сыбайласы қолға түсті.

Көп ұзамай әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап қашқан сержанттың тағы бір сыбайласы ұсталды.

 

[:]