[:kz]
- Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аттракциондарға адамдардың бару көрсеткішінің төмендеуіне қыс айларындағы салқын ауа-райы себеп деп есеп берді.
“Туризм саласындағы ең күшті мезгіл – жаз бен күз айлары. Сондай-ақ, бізде театрға, музейге, кітапханаға, ботаникалық бақтарға бару бойынша көрсеткіштер төмен. Біз индикатор мен методологтарға қарсы емеспіз, бірақ қаңтар-наурыз айларында аттракционға бару қиын, өйткені өте салқын”, – деді министр.
Министрдің бұл сөзі залда отырғандардың езулеріне күлкі үйірді.
“Жазда – ыстық, қыста – салқын. Не істейміз енді?” деді премьер-министр күліп.
http://stan.kz
[:]