АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыстанның күшігімен түскен суретін жариялаған Айжан Байзақованың інісі жазалануы мүмкін[:]

[:kz]

 

Блогер Айжан Байзақованың інісінің арыстан күшігімен түскен суреті қазақстандықтардың ашу-ызасын тудырды. Экология министрлігі жануардың ел аумағына заңды түрде әкелінгендігін тексеріп жатыр.

Әлихан Байзақов инстаграмда арыстанның күшігімен түскен суретін жариялап: «Менің ұлым Леомен танысып қойыңыздар» деп жазды.

 

Желі қолданушылары түрлі пікір жазды.

«Жануарларды қинамаңдар!», «Жануарларды келемеждеу», «Байғұс арыстанның күшігін аямайсыз ба?», «Сізде ұстауға жағдай бар ма?», – деп жазды желі қолданушылары.

Бұл істі экология министрлігі тексеруді бастады. Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы полиция бөліміне материалдар жібереді.

Арыстан жабайы фауна мен флораның жойылып бара жатқан түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның қосымшасына жойылып кету қаупі бар аң ретінде енгізілген.

Арыстанды Қазақстанға әкелу үшін Қазақстандағы CITES әкімшілік органынан, яғни орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінен рұқсат қажет. Бұл туралы экология министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева жазды.

Қазақстанда арыстан еркін түрде өмір сүрмейді. Ол үкіметтің 2006 жылғы 31 қазандағы қаулысымен бекітілген сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің тізіміне енгізілмеген.

Егер арыстанның күшігі контрабандалық жолмен әкелінген болса, онда заң бұзушылар жазаланатыны да айтылды.

Ол, сонымен қатар Қазақстанда экзотикалық жануарларды заңсыз сатуға және ұстауға қарсы қозғалыс ұйымдастыруды ұсынды. Экология министрлігінің өкілі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп рейд өткізуге болады деп санайды.

“Достар, кешеден бері әлеуметтік желілерде жарияланған арыстанның суреті үшін қамқор азаматтардан жүздеген өтініштер келіп түсті. Осыған байланысты мен жағдайға түсініктеме бергім келеді. Біріншіден, адамдар арасында жабайы аңды, әсіресе мұндай аң баласын асырау орынсыз деп ойлаймын. Жабайы жануарлар табиғатта тіршілік етуі керек. Сондықтан мен азаматтардың ашуы мен алаңдауын толығымен қолдаймын. Сондықтан егер арыстанның күшігі заңсыз жолмен әкелінгені дәлелденсе, заң бұзушылар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жазаланады.

Сондай-ақ жабайы жануарлармен байланысты мұндай фактілер соңғы уақытта жиілеп кеткенін атап өткім келеді. Сондықтан мен экзотикалық жануарларды Қазақстанда заңсыз сатуға және ұстауға қарсы қозғалыс ұйымдастыруды ұсынамын. Қараңғы гараждарда, бастырмаларда қаншама жануарлардың азап шегетіні белгісіз. Мен мүдделі органдармен бірге тиісті рейд жүргізуді ұсынамын. Бұл жерде әрқайсымыздың азаматтық позициямыз маңызды”, – деді Самал Ибраева.

Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе туындыларына заңсыз қатынас жасау) үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі (8,7 миллион теңге немесе 20 мың доллар) айыппұл немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырылған.

[:]