[:kz]
Оқыс оқиға болған мектептің ұстаздары бұл оқушының мінезі қиын екенін айтады.
Ресейдің астанасында 8-сынып оқушысы сабақ үстінде мұғалімге қол көтерді.
Оқиға физика сабағы кезінде болған. Сабақта оқушы құлаққаппен музыка тыңдап отырыпты. Ол ұстазының ескертуіне құлақ аспаған. Кейін әйел құлаққапты тартқан кезде сындырып алған, деп жазады «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасаған
Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұған қатты ашуланған оқушы мұғалімді соққыға жыға бастаған. Тіпті, интерактивті тақтаның пультімен басынан ұрыпты. Мұғалімнің даусын естіген әріптестері көмекке асықты. Алайда ашуға ерік берген оқушыны үйден келген әжесі ғана сабырға шақыра алды.
Оқыс оқиға болған мектептің ұстаздары бұл оқушының мінезі қиын екенін айтады. Осыған дейін де ұқсас жағдайлар болған. Ол 8-сыныпты осыған екінші жыл оқып жүр екен.
[:]