АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ашық киінген қызды жүргізуші автобусқа кіргізуден бас тартқан[:]

[:kz]

Аманда Ханссон +27 градус ыстықта жеңіл киінгені үшін жүргізушіден сөгіс алғанын айтты.

Швецияда автобус жүргізушісі 19 жастағы бойжеткенге көлікке кіруге рұқсат бермеген. Ер азаматтың пікірінше, ару тым жалаңаштанып алған, ал бұл компанияның ережелеріне сай емес еді деп хабарлайды bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Автобус жүргізушісі қысқа шорты мен топ киген бойжеткенді автобусқа кіргізуге бас тартқан. Оның сөзінше, ару тым жалаңаш еді. Ал бұл олардың Skånetrafiken компанияларының ережелеріне сай емес екен. 

Аманда Ханссон +27 градус ыстықта жеңіл киінгені үшін жүргізушіден сөгіс алғанын айтты. Бұл жағдай әйелдер құқығын қорғаушылардың ашуына тиді. Олар бұл туралы БАҚ-қа шағымданып, бұл мәселені түбіне дейін жеткізбек болған.

Автобустың иесі болып табылатын Skånetrafiken компаниясы адамдардың сырт келбетіне, киім-киісіне қатысты ешқандай ережелердің жоқ екенін айтып, Амандадан кешірім сұрады.

sn.kz/

[:]