АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Әскерге бара жатқан сарбаз пойыз ішінде адам өмірін құтқарып қалды[:]

[:kz]

Әскерге енді бара жатқан сарбаз ерлік көрсетті. Атырау-Алматы бағытындағы пойызда бір әйел есінен танып қалған. Абылайхан Убайдуллаев есімді сарбаз дер кезінде жәрдемдесіп, аман алып қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Сол жерде Абылайхан Убайдуллаев деген азамат болды. Ол фельдшер екен. Армияға дейін жедел жәрдем қызметінде болған. Әйел ес-түссіз жатқан. Абылайханмен бірге болғандар әйелдің жүрегі ауырғанын айтады. Жолсерік жақын жердегі стансаға хабарласқанша Абылайхан шұғыл медициналық көмек көрсетті. Пойыз стансаға жеткен кезде әйел есін жиды. Бұл нағыз ғажап. Қиын кезде оның жанынан нағыз маман табылды», — деп жазады Ғалым Шойкин.

 

“Адырна” ұлттық порталы

[:]