АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Астанада әйелін тірідей өртеген Сәдуов өтемақысын қайтаруы тиіс

[:kz]

imagesКөптің көзінше өз әйелін тірідей өртеп жіберген Қанат Сәдуов енді түрмеде отырып жетім қалған ұл-қызына миллиондаған өтемақы төлеуі тиіс. Астана соты осындай шешім шығарды, — деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Марқұм Светлана Сәдуованың үлкен ұлы мен нағашылары азғыннан материалдық өтемақы талап етіп, арыз жазған болатын. Сот олардың шағымын қолдап, Қанат Сәдуовке 11 миллион теңге өтемақы төлеуді міндеттеді. Бұл қаржы астаналық ұстаздың артында қалған төрт баласы мен туғандарына моральдық шығын ретінде үлестіріледі. Естеріңізге салсақ, Қанат Сәдуов былтыр мамырда Елордадағы мектептің жанында  мұғалім әйелінің үстіне бензин құйып жағып жіберген еді. Өртке оранған келіншек ауруханада жатып  көз жұмды. Кейін қаскөйдің жиырма жыл бойы жарын аяусыз ұрып-соғып келгені белгілі болды. 18 жылға бас бостандығынан айырылған Қанат Сәдуов қазір қатаң тәртіптегі колонияда жазасын өтеуде.  

«Қамшы» сілтейді

[:]