АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанада ашынған көпбалалалы аналар талаптары орындалмаса, үкіметтің отставкаға кетуін талап етпек[:]

[:kz]

Астанада өрт кезінде 5 бала қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін 60-қа жуық ана қала әкімімен кездесуді талап етіп, көшеге шықты. Бірақ, далада отыз градус аяз болғандықтан әкімдік өкілдері оларды «Астана» концерт залына кіргізіп, ыстық шай ұсынып, микрофондарды қосып, жиналған аналардың талаптарын мұқият тыңдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Алайда, наразылық білдірген аналар жиынына қала басшысы Бақыт Сұлтанов қатыса алмады, есесіне орынбары Ермек Аманшиевті жіберген.

Көпбалалы аналар жиналысына Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшиев пен Астана қаласының қоғамдық даму істері жөніндегі басқармасының басшылығы Данияр Есин қатысты.

Осылайша, елордада болған қайғылы оқиғаға байланысты көпбалалы аналар өздерінің арыз-талаптарын үкімет басындағыларға жеткізу үшін наразылық шарасын ұйымдастырды. Үкімет тарапынан көрсетілетін көмектің аздығын айтып ашынған аналар Астана қаласының әкімінің орынбасары Аманшиев Ермек мырзаға өз талаптарын қойды.

Талаптардың ішінде әр балаға ай сайын ең төменге күн көріс мөлшерінде (29 690 тг – ред.) жәрдемақы төленсін; көпбалалы аналар балаларын асырау мақсатында қосымша жұмыс іздемеуі үшін аналарға ең төменгі айлық көрсеткіш есебінде жәрдемақы көрсетілсін (42 500 тг – ред.); отбасында үш баласы бар жанұяларға баспана жеңілдігі қарастырылып, ал төрт немесе одан да көп баласы бар және мүгедек балалары бар отбасыларға халықаралық стандартқа сай тегін баспана берілсін; ол үшін арнайы тұрғын үй жасақталсын; бала он төрт жасқа келгенше ана мен бала тегін емделсін; көпбалала үйдің балалары ЖОО-да тегін оқысын, сондай-ақ, бір мезгілде бір немесе одан да көп оқып жатқан баласы бар отбасыға елу пайыз жеңілдік берілсін деген ұсыныстар бар.

Сөз соңында осы шараларды жүзеге асыра алатынына күмән келтіретен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова отставкаға кетіп, орнына отбасы институтын, ана мен бала мемлекеттік құндылығы деп танитын адамның келуін, талаптың жеті күн ішінде орындалуын қадап айтты. Олай болмаған жағдайда президентті халық талабын орындамағаны үшін орнын босатып, үкіметті отставкаға кетуін талап ететінін, бұнымен тоқтап қалмайтынын ескертті.

“Төрт баланың анасымын. Екі жерде жұмыс істеймін. Балаларымды үйде қамап кетемін. Кешегі болған оқиғадан соң балаларымызды уайымдап қатты қорқамыз. Бұл шараға өз еркімізбен келіп отырмыз. Үкімет баспана берсе, ай сайын төлеп отыруға дайынбыз, соңында өзімізге қалатын үй ғой”, – дейді Дильмира Маймакова.

Өз кезегінде, “Айтылған мәселелер мен қойылған талаптар заң жүзінде қараймыз, қабылданған шешімді арнайы хабарлаймыз”, – деді Конгресс-холлға жиналған аналардың мұңын тыңдауға келген билік өкілдері мен Астана қаласының әкімінің орынбасары Аманшиев Ермек мырза.

Жиналған көпбалалы аналардың тілегі бір: ана мен бала құқығы қорғалса, үкімет баспана мәселесін тезірек шешіп берсе.

Айта кетсек, белгілі заңгер барлық “Алтын алқа”, “Күміс алқаларды” жинап, Әбілқасымованың алдына тастаймыз деген мәлімдеме жасаған болатын.

Источник: Stan.kz

[:]