[:kz]
Алайда кондукторлар жұмыссыз қалмайды: олар жұмыспен қамту орталығында қайта мамандырылады, деп xабарлайды Елорда әкімдігінің медиа-орталығы.
Жолаушылар көлігі басқармасы басшысы Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша қаладағы қоғамдық көліктерде кондуктордың қызметі біртіндеп жойылады. «ЭКСПО көрмесін өткізу кезеңінде шаттл-бас көліктерінде кейін барлық автобустарда кондукторлар болмайды. Қаладағы қоғамдық көліктерге жол ақысын төлеу электронды нұсқаға өткенше кондукторларды кеңесші мамандықтарына қайта даярлайтын боламыз», — дейді Б.Игенбердиев.
[:]