АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанада вокзал қызметкерлері жүкті әйелдің өмірін аман алып қалды[:]

[:kz]

Астанадағы «Нұрлы жол» вокзалының қызметкерлері эпилептикалық ұстамасы ұстап қалған әйелге көмек көрсетіп, аман алып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 қарашаның түнінде вокзал кезекшілері кешенді аралып жүріп, ес-түссіз жатқан әйелді көреді. Эпилептикалық ұстама белгілерін байқаған олар тез арада вокзалдың медицина қызметкерін және жедел жәрдем шақырған.

Медкөмек келіп жеткенше кезекшілер әйелдің дем алуын қалпына келтіру үшін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсеткен. Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадасы вокзал кезекшілерінің жедел әрі сауатты іс-әрекетінің арқасында жас әйелдің аман қалғанын айтады.

Кейіннен белгілі болғандай, әйелдің аяғы ауыр екен. Демек, бір емес, екі адамның өмірі аман қалған.

«Келушілер мен жолаушылардың вокзал кешені аумағындағы жайлылығы мен қауіпсіздігі — әрбір вокзал қызметкері үшін басты міндет. Компания қызметкерлерінің бойындағы бар дағдыны шыңдау мен қосымша білім алу үшін тұрақты түрде, тіпті қажет болған жағдайда жоспардан тыс техникалық, соның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері арнайы оқытылады.

Штаттан тыс жағдайларда не істеу керектігін ұлттық тасымалдаушының сервистік қызметкерлерінің барлығы да меңгереді» делінген компания таратқан хабарламада.

Компания мәліметінше, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 200 тарта пойыз басшысы мен жолсерігі жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген төтенше жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету жөніндегі курстардан өткен.

http://kyn.kz

[:]