АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астананың элиталы ауданындағы үйде жарты жыл бойы бір ғана адам тұрған (фото)[:]

[:kz]

Астанадағы элиталы аудандардың біріндегі тұрғын-үйде алты айдан астам уақыт бойы жалғыз ер адам тұрған. Тұрғындардың айтуынша, елордаданың қымбат аудандарындағы тұрғын-үйлердің көпшілігі қаңырап бос тұратын көрінеді деп жазады NUR.KZ.

Астананың сол жағалауына 5 минуттық жердегі «Қалалық романс» тұрғын-үй кешені бас шаһардағы элиталы аудан саналады. Қала тұрғындарының айтуынша, мұндағы пәтерлердің көпшілігі бос тұрған көрінеді.

«Қазір айтсам, сенбессіз бірақ бастапқыда осы үйге (ред. «Италия орамы» тұрғын-үй кешені) көшіп келгенде, жалғыз өзім тұрдым. Түсінесіз бе? Бүкіл көп қабатты үйде жалғыз адам тұру деген масқара емес пе? Кейін бір жылдан кейін Алматыдан отбасымды көшіріп әкелдім.

Бұл осыдан үш жыл бұрынғы жағдай еді. Сосын алты айдан кейін үшінші қабатқа көршілер келгенде, қуанғанымды көрсеңіздер?

Себебі, мынадай даңғарадай үйде жалғыз өзің тұру қиынның қиыны екен. Осындағы пәтерді жалдап тұрып жатқанымызға үш жылдан астам уақыт өтті. Жұмыс істейтін компания пәтер ақшасын өзі төлеп келеді. Әйтпесе бұл ауданда пәтер жалдап тұру өте қымбат«, — дейді қала тұрғындарының бірі.

Сондай-ақ ол астаналық ауқаттылардың бір үйден қатарынан бірнеше пәтер сатып алатынын атап өтті.

«Түнде жарықты қосқанда білеміз, көп пәтерлер жарықсыз тұрады. Одан қалса аулада ойнайтын балалар да, қыдыратын адамдар да аз. Мұндай жағдай Астана үшін қалыпты жағдай шығар.

Байлар осындай аудандардағы элиталы, қымбат үйлерден бірнеше пәтер алып алады. Онда не өздері тұрмайды, не жалға бермейді. Тіпті қымбат аудандарда тірі жан болмаса да таң қалмаңыз. Қымбат пәтерді сатып алуға қарапайым адамдардың қолы жете бермейді. Өзіміз биыл үй алуды жоспарлап отырмыз, Алла қаласа ол мақсатамызға да жетерміз», — дейді қала тұрғыны.

kaz.nur.kz

 

[:]