АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ата-анам шешеді»: Отандық танымал актер орыс қызына үйленбекші (видео)[:]

[:kz]

Қазақстандық белгілі актер Жандос Айбасов орыс қызына үйленбек. Алайда, жастар шаңырақ көтеретін күнді белгілемеген. Тойдың қашан өтетінін өнер иесінің ата-анасы шешеді. Бұл туралы «Ревью» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

30 жастан асқан Айбасов төрт жылдан астам уақыт Мария Карпыкова есімді фэшн-фотографпен көңіл қосқан.

Өнер иесі енді той уақытын шешу әке-шешесінің қолында екенін айтады.

«Әке-шешем қашан үйленетінімді, қашан той жасайтынымды өзі біледі»,- дейді ол.

Бұл жаңалықты естіген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі актер мен сүйіктісіне бақыт тілесе, екіншілері орда бұзар жастан асқан актердің шешімді өзі қабылдау керектігін айтты.

 
 

[:]