[:kz]
«Айгөлек» журналының бас редакторы, белгілі журналист Қымбат Әбілдақызы Айжан Байзақова үшін көзіне жас алды. Оқиға Аман Тасығанның «New old qazaqtar» бағдарламасында орын алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Балалар тәрбиесінің бағдаршамы бола білген баспасөз әлемінің өкілі атышулы блогер арудың тәрбиесіне қатты қынжылатынын айтты.»Масқара, Айжан, масқара… Қызы әкесін сыйламаса, жер бетінде қалай басын көтеріп жүреді? Мүмкін ол көшеде жүргендердің әке-шешесі жоқ шығар.
Мен сені жалаңаштанып, жаман жолда жүргеніңе қимай отырмын. Ал сенің әкең қалай жер басып жүр?
Қазір сен жассың. Мен сені түсінемін. Көшеде жүргендер жүрді деп, екінші Айжан жүру керек пе?
Ата-анаң сені қолға алғаннан сенің тілеуіңді тіледі. Сен мынаны қоя аласың, иә?» Сені аядым, ата-анаңды аядым», — деп көз жасына ерік берді Қымбат ханым.
Сондай-ақ, ол Байзақованың болашағынан үлкен үміт күтетінін жасырмады.
Қымбат Әбілдақызының айтуынша, ол жас қыздың әрекеттерінің барлығы уақытша екеніне сенімді.
[:]