АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атамбаев тергеу изоляторына қамалды[:]

[:kz]

Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне судья шақырылып, шұғыл түрде отырыс өткізген.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Сергей Слесарев айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Адвокаттың айтуынша, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне судья шақырылып, шұғыл түрде отырыс өткізген. Соттың шешімімен Атамбаев 26 тамызға, яғни тергеу жұмыстары жүріп жатқан кезге дейін қамауға алынды. 

«Ешкім де ұсталғаны жайлы немесе мәжбүрлі түрде жеткізілгені жайлы құжаттарды көрсеткен жоқ. Бүгін береміз деп уәде берді. Менің қорғалушым қолына бір қағазды беріп, бірден бұлтартпау шарасын қабылдады», — деді Сергей Слесарев. 

Бірақ адвокат Алмазбек Атамбаевқа тағы қандай айыптар тағылуы мүмкін екенін айта алмады. 

Еске салайық, кеше Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын. 

Tengrinews.kz. 

[:]