АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Атамбаевтың ескертуі: «Мені ұстауға келсеңдер атамын!»[:]

[:kz]

Қырғызда «жатып өлгенше, атып өл» деген сөз бар.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев өзінің экс-президент мәртебесін алып тастаған парламент шешіміне пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Кеше Қырғызстанның Жоғарғы кеңесі Атамбаевты экс-президент мәртебесінен айырды. Атамбаевтың жақтастары оның Қой-Таш ауылындағы үйіне жиналды. Саясаткер журналистермен әңгімелесіп, жағдайды түсіндірген.

Оның сөзінше, елде қазір бұрынғы президентті қамауға алуға дайындық жүріп жатқаны туралы ақпарат бар.

«Мені ұстауға дайындық жүріп жатқанын бәріміз білеміз. Күштік құрылымдар арасында да менің жақтастарым көп. Сауатсыз адамдардың сауатсыз бұйрықтарына шағымданып ҰҚК, ІІМ-де жүрген талай офицер жылап келген маған. Мен бәріне дайынмын. Қарсылық көрсетемін.Егер ұстауға келетін болса, сыйға алған тапаншам бар екенін ұмытпасын, мен мұны ашық ескертіп жатырмын. Оңайшылықпен беріле салмайтынымызды білсін. Алайда маған жіберетін жігіттерді аяймын. Қырғызда «жатып өлгенше, атып өл» деген сөз бар. Менің жанымда ешкім болмайды», — деді Атамбаев.

Бұрынғы президент елінің бір жыл бұрын «заң аясынан шығып кеткенін» мәлімдеді. Атамбаев «бұл билік тек өзінің адамдарын ғана қорғауды біледі, ұнамайтындарын түрмеге отырғызып жатыр» деді. Ол елін тастап ешқайда кетпейтінін де жеткізді. «Бұл менің отаным. Қашатындар – басқа адамдар. Егер кімде-кім мені құртқысы келсе, ерте ме, кеш пе, өздері қашып кетеді», — деп жауап берді тілшілердің сұрағына.

[:]