АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Аттың басын жібердік»: Сәдуақасова карантиндегі алғашқы концерттің қалай өткенін айтып берді [:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова пандемия салдарынан болған бір жарым жылдық үзілістен соң, сахнаға қайта оралуы қалай өткенін айтып берді. Тыңдармандарымен сағына қауышқан әнші карантин кезінде ұйымдастырылған алғашқы концерттен кейінгі өз әсерімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова коронавирус кесірінен біраз уақытқа өнерден алыстап кеткендіктен, карантинде өткен алғашқы концерттік шараға асыға барғанын жасырмады

.

Өнер иесі қалың көпшілік алдында ән шырқап, оларға деген сағынышын басқан. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасында Шымкент қаласында болған концерттің қалай өткенін көрсетіп, одан кейін алған әсерімен бөлісті. «Наурыз айында Шымкентте өткен концерт. Бұл видеоны салмап едім басында, Шымкенттегі Наурыз мерекесі жайында көп әңгіме-сөз айтылып кеткен соң. Бірақ тура осы күнді, осы кешті қатты күттім.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

Бұл бір жарым жылдан соң бірінші сахнадағы, көрерменнің алдында берілетін концерт болды! “Болса екен, бола қойса екен” деп күнде тіледім. Бір емес, екі концерт өтті! Сахнаға бірінші шыққанда халық бір бірінен алыс отыр, маскада, концерт бойы санитарлық нормаларлы қадағалап, әрі бері жүрген адамды байқадым. Сахнаға гүл алып шығуға болмайды. Ыңғайсыздау болды басында, бірақ кейін , үйренген соң ашылдық бір бірімізге, күлдік, жыладық.

Қошемет те, эмоция да, артынан гүлдер де бәрі болды.

Енді бізді ешкім тоқтата алмайды деп жібердік аттың басын. Ән кештерді сағынған халықтың да, өнер адамының да көңілін, мұңын түсінген досым Сәкен Майғазиевке рахмет үлкен! Концерттерді ұйымдастырған Жан Мұқановтың командасына, Түркістан сарайдың ұжымына мың алғыс. Сол кеш кәдімгідей өзіме үлкен күш берді, ұшырды кәдімгідей. Тезірек пандемия бітіп, бүкіл Қазақстанды аралап шығам, Алла қаласа. Дәл қазір сол үмітпен жаңа программа, күшті әндер жаздырып жатырмын. Болсын. Өміріміз бұрыңғыдай жарқырап , жайнасыншы» , — деген тілек білдірді ол.

kaz.nur.kz

 

[:]