[:kz]
Пара алу ісі бойынша Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық істің басталуы тағы кейінге қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен Прокуратурға одан Атыраудың №2 қалалық сотына келіп түскен қылмыстық іс мамыр айында басталуы керек болған.
12 шілдеге шегерілген қылмыстық іс тағы кейінге қалды.
Бақытгүл Хаменованың ісі бойынша сот төрағасы Дәуренбек Даумов жуырда ғана Президент Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық №2 сотына төраға болып тағайындалды. Енді оның орнына жаңа соттың тағайындалып, іспен танысуы кем дегенде бір айдай уақытты алуы мүмкін.
”Адырна” ұлттық порталы
[:]