АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Атырау облысында дәретханадан жаңа туған сәби табылды[:]

[:kz]

 

Атырау облысында 31 жастағы әйел дәретханада босанып, сәбиін сол жерге тастап кеткен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Жантүршігерлік оқиға 4 қазан күні Атырау облысы Индер ауданында болған. Айы-күні жетіп босанған келіншек, сәбиін дәретхананың шұңқырына тастап кеткен.

Сәбидің денесі салқындап қалған. Дәрігерлер құтқарып қалды. Нәресте — ұл бала. Жағдайы жақсы. Анасы да ауруханаға жатқызылды,

— дейді облыстық ДСБ-ның баспасөз қызметі

Қазір осы оқиға бойынша Атырау облыстық Полиция Департаменті тергеу амалдарын бастап кетті.

[:]