[:kz]
Атырауда әлдебіреулер орталық көшелердің бойындағы дәріханаларды тонай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Дәріхана есігін бұзып кіргендер қазір ел таппай сандалып іздеп жүрген аспирин, парацетамол және балаларға қажет жөргектерді ұрлап кеткен. Дегенмен, ұры көп ұзамай ұсталыпты. Полицейлер оның әрекетін амалдың жоқтығынан емес, «кәнігі ұрының қанға сіңген қасиеті» деп отыр.
«Терезесін ығыстырып, дәріхананың ішіне кірген белгісіз адам ноутбук, памперс және түрлі дәрілерді қолды еткен. Полиция қызметкерерлері 1994 жылғы туған азаматты анықтап құрықтады. Одан айғақ затттар табылып, барлығы тәркіленді.Тексеру кезінде ол азаматтың бұдан бұрын бірнеше рет өзгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Қазір ол қамауға алынды», — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.
[:]