[:kz]
Атырауда «бомба қойылған» мектептен 70 мұғалім мен 800 оқушы эвакуацияланды. Мектепте тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мектеп директоры бүгін, 12 қазанда білім ордасында жарылыс болатыны туралы ақпарат алған. Ол бұл туралы полицияға хабар берген.
«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 8:20 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасалатыны туралы ақпарат алғанын хабарлаған. Соған сәйкес полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, аталған мектептен 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазір мектеп ғимаратын тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
[:]