[:kz]
Ауғанстанда құлдықта болған Канада азаматы Джошуа Бойл сексуалдық сипаттағы шабуыл жасады деген айыппен қамауға алынды. Одан бөлек канадалық ер адамға заңсыз бас бостандығынан айыру, қоқан-лоқы көрсету, қорқыту, полицияны алдау, улы заттарды қолдану сияқты бірнеше айып тағылған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілетеме беріп хабарлайды.
Оған 2017 жылдың 14-30 қазан аралығында жасалған барлығы 15 қылмысқа қатысты айып тағылып отыр. 34 жастағы Канада азаматы 30 желтоқсаннан бастап қамауда.
Джошуа Бойл мен оның әйелі – АҚШ азаматшасы Кейтлин Коулман 3 баласымен бірге 2017 жылдың 13 қазанында Ауғанстандағы пәкістандық әскерилер тарапынан босатылып, Торонтоға келген.
Бойл мен оның аяғы ауыр әйелі 2012 жылы Ауғанстанда еріктілер жұмысымен айналысып жүрген кезде құлдыққа алынған. Құлдықта болған уақыт аралығында олардың 4 балалары туылған. Алайда бір қыздары террористер қолынан қаза тапқан.
Джошуа Бойлдың айтуынша, ауғандық содырлар оның қызын өлтіріп, әйелін зорлаған. Мұндай озбырлық әрекеттер Джошуа содырлардың айтақандарын істеуден бас тартқаны үшін жасалған.
фото ⒸDaily Mai
[:]