[:kz]
Павлодар облысында Мәдениет үйінің қызметкері бір тонна көмірді ұтып алған ауылдағы байқаудың жеңімпазын қызғаныштан ұрып тастаған. Енді оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Қозыкеткен ауылында болған. Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жақында мұнда «Ауылдағы әйел күні» өтті, онда жергілікті тұрғындар үлгілі ауыл тұрғынын таңдады. Бас жүлде ретінде жеңімпазға бір тонна көмір сатып алуға сертификат берілді.
Алайда ауылдастарының таңдауы байқау өткен Мәдениет үйінің 30 жастағы қызметкеріне ұнамаған көрінеді. Іс-шара өткен соң бірден әйел ауылдағы клубта алкоголь ішіп, отырыс ұйымдастырған, содан кейін байқау жеңімпазын іздеуге кеткен.
Ол уақытта әйел құрбысының үйінде болған.
«Басқа біреудің үйіне кіріп, Мәдениет үйінің қызметкері қызғаныштан байқау жеңімпазын ұрып-соғып, айқайлай бастаған. Оның айқайынан үйде ұйықтап жатқан кішкентай балалар оянып, қорқып қалған. Пәтер иесінің тынышталып, үйден кету туралы өтінішіне жауап бермеген», – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, ауылдың көптеген тұрғыны агрессивті әйелден қорыққанын атап өтті. Зардап шеккен әйелде оған шағымды бірден түсірмеген.
Сот мәліметтеріне сүйенсек, жәбірленушінің беті, аяқ-қолы көгеріп, жырылған. Сарапшылар денсаулыққа жеңіл зиян тиді деп бағалады.
Успен аудандық соты Қозыкеткен ауылының мәдениет үйінің қызметкерін ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша кінәлі деп танып, әкімшілік тәртіппен 15 айлық есептік көрсеткішке айыппұл салды. Сот құжатында сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, айыппұл сомасын отыз пайызға, 30 628 теңгеге дейін қысқартқаны айтылған.
Айта кетейік, құқық бұзушы Қозыкеткен мәдениет үйінде меңгеруші болып жұмыс істейді. Алайда Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының хабарлауынша, ресми түрде ол Успен ауданы әкімдігінде әдіскер. Сонымен қатар, ол ауылдық мәдениет үйінің жұмысына жауапты екенін атап өтті.
[:]