АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ауылда есі дұрыс жігіт жоқ …[:]

[:kz]

Ауылда жігіт жоқ.

Ауылда жүрмін. Қасымда сол баяғы кластастарым. Бір досымыз соғым соятын болып көмекке бардық. Күн суық, қар қалың. Жылынып алайын деп үйге кірдім. Қызықтың көкесін көрдім. 8-9 класта оқитын қыздар шамасы бұлқан-талқан болып айтысып, бірі жылап отыр. Әңгіменің ауаны ,,Қалаулымнан,, Аша Матайды алып тастапты. Журналистпін ғой ебін тауып әңгімеге кіріп кеттім. Біреуі айтады ,,Аша Матайдың арқасында осы біздің ауылдың үш қызы ,,Қалаулымға,, қатысты. деп.,, Не үшін, не мақсатпен,, қатысты деп сұрақ қойдым. Екінші қыз ,,күйеуге шығатын жігіт іздеп барды,, деп былқ етпей тұр. ,,Ауылдың жігіттері бар емес пе ,, дедім әдейі. Әлгі қыздың айтқаны.,, Ауылда есі дұрыс жігіт жоқ,, Жарайды ,,Қалаулымға барған жаңағы үш қыз қалаулыларын тауып па,, дедім. ,, Жоқ таппапты жігіттер ұнамапты.Ол жерге ылғи есі дұрыс емес жігіттер келіпті,, деп міз бақпай тұр.,,Астапыралла,, дедім іштей. Кімге өкпелеймін Астанаға телміртіп, теледидардан күйеу іздетіп қойған қоғамға ма, әлде …

Шоқан Сыздықұлы

Фейсбуктегі парақшасынан

 
alashainasy.kz

 

[:]