АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан педагог елдің жағасын ұстатты (видео) [:]

[:kz]

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы мектеп директоры орынбасарының бейәдеп сөзді қарша боратып тұрған сәті әлеуметтік желіде пайда болды.

Танымал журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов мектебі директорының орынбасарының былапыт сөздер айтып тұрған сәтінің видеосын жариялады. 

«Мынау не сұмдық??? Сіздер осындай аузы боққа толған педагогсымаққа «Үздік ұстаз» деп Грамота беріп марапаттасаңыздар, онда нағыз Үздік Ұстаздарға Алтын медаль беруге міндеттісіздер!!! Нағыз Үздік Ұстаздардың аты-жөндерін білмесеңдер, айтыңдар, халық біледі. 

Әлде сіздерде Алғыс хат, Грамоталар сатыла ма?

Кеше ғана ауылда тойда отырғанымда бір бөлме толы ауыл адамдары «Түркістан облысында мектепке еден жуушы боп жұмысқа кіру үшін 500 мың тг, ал мұғалім боп кіру үшін 1,5-2 млн тг пара беруің керек» дегенді бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай қайталады. Және олар бір ауылдан яки бір ауданнан емес, әртүрлі аудандардан кеп отырған қонақтар еді…

Демек, облыстағы білім саласы әбден былыққа батқан деген сөз!» деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.  Түркістан облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасы өңірдегі білім сапасын бақылау департаменті зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.  

 

www.oinet.kz

 

[:]