[:kz]
Павлодар тұрғыны жүкті әйелді алып қашып, зорлағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар тұрғыны жәбірленушіге бірнеше рет жасалған заңсыз әрекеттері үшін және зорлады деп айыпталып, бас бостандығынан айырылды. Процесс жабық есік жағдайында өтті.
Сот ер адамның кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, куәгерлермен және сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденді деп атап өтті. Прокурор ер адамды 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Павлодар қаласының тұрғыны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 60-бабы 1-бөлігі негізінде барлығы 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады Павлодар қаласының баспасөз қызметі.
Сот сонымен бірге сотталушыны жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін екі миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, үкім заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғынына қатыгездікпен қиянат жасау туралы ақпаратты «НеМолчи» қоры жариялаған болатын. Өткен жылдың 11 қазанында жүкті әйел дүкенге барған сәтінде, оны бірге пәтер жалдап тұрған 24 жастағы танысы ұрлап әкеткені туралы хабарланды.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны бірнеше күн бойы ұстап, жалдамалы пәтерден екінші пәтерге жеткізіп, ұрып-соғып, зорлаған. 12 қазанда әйел өзін босатып, жедел жәрдем шақыруға үлгерген, бірақ ол оны ауруханаға кірер алдында жедел жәрдем көлігінен ұрлап кеткен.
14 қазанға қараған түні шуды естіген көршілері учаскелік полиция қызметкерін шақырып, олар полицияға жеткізілді. Алайда соққыға жығылған павлодарлық әйел өзінің сүйіктісінен жеті айлық жүктілігі бар екенін айтып, процесстен бас тартқан болатын.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]