АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Аяғын сындырып алған Жазира Байырбекова жүре бастады[:]

[:kz]

 

1427107204_lЖазира Байырбекова өзіне қолдау білдіріп жатқан жан жары мен тыңдармандарына алғыс білдірді. «Халықтың махаббатының арқасында тез жазылып келемін» дейді әнші.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Жазира Байырбекова аяғын сындырып алған болатын. Әнші адымдап жүре бастаған екен. Ол халықтың арқасында тез жазылып келе жатқанын айтып жатыр. Әнші жазыла салысымен өзін емдеп жатқан сынықшының мекен-жайын жазуға уәде етті.

«Менің денсаулығыма алаңдап, мен үшін дұға жасап отырған жанашырларыма алғысым шексіз! Пейілдеріңіздің кеңдігіне сүйсініп, аппақ көңілдеріңізге риза болып отырмын. Сіздердің тілектеріңіздің арқасында тез жазылып келемін. Бүгін аяғымды бірінші рет бастым. Тіпті сынықшы ағамыз да тез бітіп жатқанына таңқалды. Мен ол кісіге де сіздердің тілектеріңіздің, баталарыңыздың арқасы екенін айттым. Жанболат маған “Тәй-тәй, балапаным, қаз-қаз” деп өз әнімді өзіме айтып күлдіріп жатыр. Алла қаласа, толық жазылып кеткен соң сынықшы ағамыздың мекен-жайын жазамын! Халықтың маxабатын, шын көңілмен тілейтін ақ батасын ешқандай байлыққа теңестіре алмаймын. Бар болғандарыңыз үшін раxмет! Баршаңызға тағы да алғыс айтамын!» – дейді Жазира Байырбекова.

Stan.kz

[:]