АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Аяусыз өлтірілген алматылық бойжеткеннің жақындары жанайқайын жеткізді [:]

[:kz]

 

Алматыда аяусыз өлтірілген бойжеткеннің жақындары оның қазасына қатысты қорқынышты жайттарды жария етті. Олардың жанайқайын НемолчиKZ өкілдері қордың Facebook парақшасында жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бойжеткеннің жақындарының айтуынша, 19 жастағы Аяжан 4-курста «Сымбат» дизайн және сән академиясында оқыған, өзінің авторлық коллекциялары мен туындыларын сататын интернет-дүкені болған. Ол сонымен бірге сұлулық салонында жұмыс істеп келген. Олардың айтуынша, бойжеткен сол күні жұмыстан шығып, жатақханаға оралмаған. Оның жігіті мен достары дабыл қағып, содан кейін таңғы уақытта бойжеткеннің туыстарын тауып, оларға хабарлайды. Сондай-ақ, әлеуметтік белсенділердің айтуынша, жақындары Аяжанның ер адаммен кездесуге неге барғанына қатысты бірнеше болжам жасап отыр.

Болжамдардың бірі бойынша бойжеткен интернет-дүкенінің жұмысымен байланысты ер адаммен кездескен болуы мүмкін. Жақындары Аяжан ер адаммен танысу мақсатында кездесуге барған деген нұсқаға сенбейді, себебі сол кезде Аяжанның кездесіп жүрген жігіті болыпты.

«19 наурыз күні кешке Аяжан жұмыстан 20:48-де шығады. Жатақхана жанында оны жігіті күтіп тұрып, қоңырау шалады. Содан кейін біреу немесе бойжеткеннің өзі түнгі сағат 23:00-де «мен шықтым» деп хабарлама жазады. Содан кейін бойжеткен байланысқа мүлде шықпайды. 20 науырз күні таңертең іздеу басталып, туысқандар полицияға сағат 12: 00-де хабарлаған, алайда олар бастапқыда ешқандай шағымды қабылдамай қойған, себебі барлығы митингтерге жұмылдырылған екен. Достар, еріктілер іздеуге қосылып, такси қызметінен сұрастыра бастайды. Аяжанның ағасы «102-ге» қоңырау шалып, 15:00-де бойжеткеннің жоғалып кеткені туралы хабарлайды. Осыдан кейін оларды Аяжанды соңғы рет көрген жұмыс орнына шақырады — бұл сағат 17:00 шамасында болды», — дейді қор өкілдері. Келесі күні еріктілер Аяжанды жеткізіп салған такси жүргізушісін тапты. Такси жүргізушісі оларға Аяжанды қай мекен-жайға жеткізіп салғанын айтып, таксиді Руслан есімді ер адам шақырғанын нақтылады. Бұл мекен-жай полицияға хабарланып, содан кейін олар абоненттік нөмірдің базалық станциясы арқылы оны іздей бастады. 

«Мекен-жайға барған кезде, сағат шамамен 23:00 болды, полиция сол жерде жүрді, оларды пәтерге кіргізбеді. Ол жерге екі жедел жәрдем көлігі келді, содан кейін ер адамды шығарды — ол қан-жоса еді, оны жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Содан кейін жедел уәкіл шығып, бойжеткеннің жоқ екенін айтты. «Таңертең полицияға келіңдер» деді.

22 наурызда сағат 12:00 шамасында туыстары полицияға келді, сұрақтарға жауап берді, ешкім оларға Аяжанның бөлшектелген мәйіті 21-і күні кеште табылды деп айтқан жоқ. Кенеттен Аяжанның ағасы Instagram-дағы жаңалықтар лентасынан Аяжанның өлі күйде табылғаны туралы ақпаратты көріп қалады! Есеңгіреген ол полициядан «бұл не?» деп сұрайды. Полиция бұл туралы қалай хабарлауды білмегендерін алға тартқан. Бойжеткеннің қазасы туралы барлық туыстары желіден білді: бірінен соң бірі — әжелері, әпкелері, анасы мен әкесі — бәрі де қыздың өлімі туралы жаңалықтардан білді», — деп қосты әлеуметтік белсенділер.

Енді өлтірілген бойжеткеннің туыстары Аяжан қылмыскердің жалғыз құрбаны болмауы мүмкін деп қорқады, себебі ол «тез және шебер» әрекет еткен. «Аяжан жай өлтірілген жоқ, оны ерекше қатыгездікпен өлтірді. Оны аяусыз бөлшектелген күйі тапты. Тәулік ішінде ол бойжеткеннің денесін әбден бөлшектеп тастаған. Біз марқұмның ағасы және тәтесімен сөйлестік. Жақындары бойжеткенді тірідей бөлшектеді ме деп қорқады. Туыстары оның қайтыс болғанға дейін азап шеккенін ойлап жылауда», — деп қосты қор өкілдері. Марқұмның ағасы көпшілікке күдіктінің медициналық білімі бар екенін айтты. Оның отбасы «оқымыстылар» деп сипатталды, ал жігітті көршілері «тәрбиелі және мәдениетті» жігіт деп айтуда. Қордың хабарлауынша, полиция оны тапқан күні жас жігіттің тамағында пышақ жарақаттары болған. Оны жедел жәрдем көлігімен алып кетіп, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Марқұмның туыстары қылмыскердің құрбандары көп болуы мүмкін деп алаңдайды. Олар өлімге кінәлі лайықты жазасын алады деп үміттенеді. 

«Жәбірленушінің туыстары елге жанайқайын жеткізуде, олар қылмыскер психикалық науқас ретінде жауапкершіліктен жалтарып кете ме деп қорқады. Олар осы ауыр қылмыс үшін ең қатал жаза тағайындауды талап етеді», — деп қорытындылады қор өкілдері. Еске салайық, Аяжанның жоғалып кеткені аптаның басында, мереке күндері белгілі болды. Кейін қалалық полиция бойжеткеннің өлтірілгені анықталды деп хабарлады. Оны өлтірді деген күдікпен 1993 жылғы Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Автор: Жұлдыз Кенжегалиева

kaz.nur.kz

 

[:]