[:kz]
Атышулы Динагүл Тасованың қазақ жігіттерінің маған сөз салуға батылы бармайды деген сөзіне шамданған Жанар Айжанова оның сыбағасын берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Аман Тасығанның Youtube каналында айтылды.
Атақ қуғандар туралы ашық пікірталасқа түскен Жанар Айжанова мен Динагүл Тасова біраз сөзге келіп қалды. Тасова өзіне сөз салатын жігіттердің басым бөлігі өзге ұлт екенін жасырмайды. Себебін:
«Таза қазақи жігітке шығамын деп елестете алмаймын. Өйткені маған ылғи өзге ұлт өкілдерінің жігіттері жазады, батылы барып сөз салады. Ал қазақи жігіттер қорқа ма менен, әлде жақындай алмай ма білмедім», — деп түсіндірді.
«Дина, сен шет ел азаматына тұрмысқа шығып, басқа елге кет. Тыныш өмір сүресің. Әйтпесе қазақтың жігітінен ажалың болады», — деген Айжановаға Тасова кейбір қазақ жігіттері жалаңаштанғаны үшін келіп қолынан алатынын айтқанда:
«Емшегін ашқан қызды абырой көрді деп өтірік айтпа. Менің қасымда отыз жылдан асып кетті қазақтың мен деген азаматтары келе жатыр. Мынаны көрсе, әкеңнің аузын … қолыммен өлтірер едім деп айтады. Қазақ туралы аузыңды байқап-байқап аш. Қазаққа тіл тигізген қыздың шашын жұлған мендеймін. Қазақтың жігіті — керемет. Қазақтың жігіті — намыскер. Намысы жоқ сен сияқты шешінген қыздар оңды-солды сөйлейсіңдер. Адамның жынына тиме. Бағанадан бері мәймөңкелетіп отырмын қайтатын шығар деп. Қазақтың жігітіне, қазақ ұлтына әңгіме айтпа. Келістік пе?
Қазақтың жігіттері сенен не деп қорқады? Емшегіңді ашты деп қорқа ма, әлде жасанды деп қорқа ма? Олардың сөз салғысы келмейді. Өзің сияқты көзқарасы бөлек шет елдің жігітіне шығып, біржола кетіп қалғаның дұрыс деп ойлаймын. Ол кезде еркін өмір сүресің. Сен болсаң да, сенің орныңда басқа қыз болса да қазақ туралы, салт-дәстүрі, жігіт, қызы туралы әңгіме айтқызбаймын», — деп Айжанова өз ойын ірікпей айтып салды.
Бұлай қатты айтуының себебін:
«Ойлан. Ертең емшек салбырайды, әдемілік кетеді. Үш бөлмелі зәулім үйде қу тізеңді құшақтап, ит пен мысық асырап қалғаныңды қаламаймын», — деп түсіндірді.
Бағдарлама соңында жүргізуші осы айтқандарыңыздан кейін Динагүл ойын өзгертеме деп сұрағанда:
«Мен байқасам, Дина ештеме қабылдаған жоқ. Егер мақсатың осы болса, жетпіске жеткенше емшегің салбырап түсіп кетпей, төменгі жағыңда ештеңе жоқ, фигураңа тамсанып, тыр жалаңаш кетіп бара жатқаныңа мен тілектеспін. Ал менің айтқанымнан кейін ойлансаң, сән әлеміндегі әдемі қыз ретінде көрейік», — деп тілегін айтты.
[:]