АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әзірбайжан 550 армян әскерінің өлтірілгенін және жараланғанын айтты[:]

[:kz]

 

Әзірбайжан қорғаныс министрлігіне әзірбайжан әскерлерімен қақтығыс кезінде армян армиясының 550-ден астамы қаза тапқанын және жараланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тренд басылымына сілтеме жасап. 

 

«Таулы Қарабахтағы Талыш ауылы бағытындағы шайқастар кезінде армян армиясының 550-ден астам адамы қаза тапты және жараланды. Операция күнінің соңында алынған барлау мәліметтері бойынша, жаудың 22 танкі мен басқа броньды машиналары, 15 ОСА зениттік-зымыран кешені, 18 пилотсыз ұшу аппараттары, 8 артиллериялық қондырғы жойылды. Армения армиясының 3 оқ-дәрі қоймасы әртүрлі бағытта жойылды», — делінген хабарламада.

 

Сонымен қатар, Әзірбайжан Арменияның десанттық-шабуыл батальонының командирі подполковник Лерник Бабаянның өлтірілгенін мәлімдейді. Ол басқарған әскери бөлімнің жеке құрамы үлкен шығынға ұшырағаны хабарланды.

[:]