АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Байден Украинаға көмек ретінде 600 миллион доллар бөлуді тапсырды Украинаға көмек ретінде 600 миллион доллар бөлуді тапсырды [:]

[:kz]

АҚШ президенті Джо Байден мемлекеттік департаментке Украинаға 600 миллион доллар көмек көрсетуді тапсырды, оның ішінде 350 миллион доллар қорғаныс қажеттіліктеріне арналмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«Украинаға дереу әскери көмек көрсету үшін мемлекеттік хатшыға келесі өкілеттіктерді беріледі», — деп келтіреді РИА Новости Байден қол қойған меморандум мәтінін. Құжат мәтінін Ақ үйдің баспасөз қызметі таратты. Құжатта АҚШ мемлекеттік хатшысының өкілеттігі аясында Украинаға 250 миллион доллар көлемінде өтеусіз көмек көрсету АҚШ-тың мүддесіне сай келе ме, жоқ па, соны анықтау керектігі айтылған.

АҚШ президенті нұсқау берген әскери министрлік қызметі, атап айтқанда, оқыту және жаттығулар, сондай-ақ, қорғаныс заттарының құны тағы 350 мың долларға бағаланған. Еске сала кетейік, бұған дейін Джо Байден АҚШ әскерилері Украина мен Ресей арасындағы текетіреске қатыспайтынын айтқан болатын.

kaz.nur.kz/

 

[:]