[:kz]Байқауға тігілген пәтерді Дәурен Абаевтің орынбасары ұтып алды (ФОТО)[:]

[:kz]

Кеш кезінде жеңімпаздар мен қонақтардың алдында Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, «Ұлытау» тобы және ресейлік «Иванушки International» өнер көрсетті.

Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов пәтер ұтып алды. Оны астанадағы ірі құрылыс компаниясы ойнатқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Компания пәтер сатып алғандардың арасында жыл сайынғы ұтысты ойнатқан. Оған екі мыңнан астам адам қатысыпты. Ұтыстың бас жүлдесі – жаңа тұрғын үйдегі пәтер. Оны ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Ғабидолла Оспанқұлов ұтып алды.

«Біз жеңеміз деп ойлаған жоқпыз. Содан холға шығып кеткенбіз. Енді қарасақ, экранда біздің билетіміздің нөмірін көрсетіп тұр. Бәріміз таңғалдық, пәтер ұтқанымызға сенген жоқпыз. Біз бұрын да ұтысқа қатысқанбыз. Биыл жолымыз болды», — дейді Оспанқұлов.

Кеш кезінде жеңімпаздар мен қонақтардың алдында Роза Рымбаева, Қайрат Нұртас, «Ұлытау» тобы және ресейлік «Иванушки International» өнер көрсетті.

 

[:]