[:kz]
Қасиеті мың айдан артық қадір түні күнін Қыдыр атамен шатастырғаны қай сасқаны. Қай бір жылы ауызашар берілген үйде жасы біразға келген қария, қадір түні күні қыдыр ата келеді-деп дастархан басында отырғандарға білгішсініп бөсіп отырды. Онысымен қоймай Қыдыр ата көзіңе көрінген сəтте үйдегі темірден жасалған затты ұстап қалсаңыз, ол түгелдей алтынға айналады екен-деп отырғандарды тіптен таң қалдырған еді. Əр қайсысы əр жерде отырып, бірі темір пештің жанына, бірі жылытқыш трубалардың жанына жанбастап жылжып жақындап отырып алды. Аяқ астынан Ассалаумалейкум -деп атамыз келіп қалса, ұстап үлгеріп алтынға қарық бола қаламын- деп ойлаған шығар. Біреуі темір шанышқы мен қасықтарға үңіліп əлек. Үй иесінен мыналарыңыз точна темір ма- деп сұрап қояды. Арасынан тағы бір білгіш шықты сосын:
— ол тек қана «ата» бейнесінде емес, құрт- құмырысқа болып та көріне береді екен. Сол күні жəндіктерді өлтірмеу керек. Байқаусызда Қыдыр атаны өлтіріп қойып Құдайдың қарғысына ұшырап жүрерміз. Жамағат дəл бүгін көзіңізге көрінген нəрсенің барлығын жақсылыққа балайықшы- деп жатты. Үнсіз ғана жымиып бір шетте тыңдап отыра бердім. Көкірек шіркін сайрап тұр. Үлкен кісілердің алдын орап сөйлеме деп Құдайым бір шетінен тілімді байлап тұрған сияқты.
Кішкене кезімізде мен де Қадір түнін Қыдыр атамен шатастыратынмын. Жылына бір келетін қадір түні күні жақсы тілектер тілеп, темір кереуетке жабысып жататынмын. Аяқ астынан ата қыдырып кеп қалса, темірден əп-сəтте алтын жасап ата-анамды байытсам деген дəмем жоқ емес. Кейін медресе де оқығаннан кейін ненің не екенін білдім ғой. Көзім де ашылды. Жаңа осындағы «Қыдыр атаны күтіп отырмыз»-деп жазған бір екі жазбаны көзім шалып қалды. Тағы да айтарым бұл күннің қасиеті мың айдан артық. Осы күні тілеген дұғаларыңыз қабыл болады делінген. Əрине Алла қабыл етсе. Өткен жылы бір танысымыз түнімен Қадір түнін күткен ғой. Құдай тағаладан мəшине сұрағанба-ай ошым сұрағанда да қымбатын сұрапты. Ертесі күні кəдімгідей Құдайға өкпелеп жүр. Түнімен ұйықтамай сұраған едім, бермей қойды деп.
Оны қойшы. Үш- төрт сағаттан бері соткамның жарығына көлбеңдеп жүрген бір масаны өлтіре алмай əлек болып жүрмін. Не қонбайды, не ұсталмайды. Не шақпайды. Жоғарыдағы кісі айтпақшы менің тілегімді орындауға келген періште ме -деп ойлап қалады екенсің. Жалпы əзіл ғой. Шынымен менің тілегімді орындағысы келсе, басқа-басқа маса болып келе қоймас. Көп сөйлеп кеттім ғой деймін.
Жалпы бүгінгі қасиетті қадір түнінде темір ұстап жатқан достарға да, Қыдыр атасын күтіп жатқандардың да, осы түні Аллаға алақан жайып дұға тілеп жатқандардың да тілегі қабыл болсын. Ең бастысы еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.!
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан
http://alashainasy.kz/
[:]