АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Байқоңырда оқушылар әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Мұрат Бақтиярұлы оқушылардың ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленетінін айтты.

Байқоңыр мектептері әлі күнге дейін ресейлік бағдарламамен білім алып жатыр. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы байқоңырлықтардың талап-өтінішін Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір қалада тұратын 77 мыңнан аса халықтың 70%-ы өзіміздің отандастар. Бірақ, олар әлі күнге отандық стандартпен білім беретін мектеп тапшылығын көріп жүр. 

«Олар Қазақстан аумағында туып-өскенімен, өз жерінде тұрып, менің Отаным – Россия, менің астанам – Москва деп, Россияның арғы-бергі тарихын, тілі мен әдебиетін оқып, әрине ресейлік патриотизм рухында тәрбиеленеді. Айта өтуіміз керек, біз жерімізді жалға бергенімізбен, сол жерде тұрып жатқан халқымызды жалға берген жоқпыз ғой», — дейді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

[:]