АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]БАҚ: Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды[:]

[:kz]

Бүгін, 16 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің немересінің қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Көз жұмарының алдында ол Ұлыбританияның астанасында болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Өлім себебі анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша — жүрегі тоқтап қалған. Өзге мәліметтер әлі белгісіз», — делінген басылымда. Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда өмірге келген.

Бала кезден футболға қызыққан. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысты. «Челси» және «Портсмут» жастар командалары мен қазақстандық «Астана» командасында ойнаған. 

kaz.nur.kz

 

 

[:]