[:kz]
Ақтөбе облысына іссапармен барған Сенат депутаттары сынның астында қалды. Өйткені олар балабақшаға аяқ киімдерін шешпей кірген.
«Ана кілем төселген жерде балалар отырып ойнайды. Балабақшада оны сол үшін жаяды. Таза және жұмсақ болсын деп. Үшіншіден, осындай кездесудің қажеті қанша? Балалар саяси нәрселерді қақпайтыны анық. Ал мекеме ұжымы «қонақ» келеді деп бірнеше күн бойы дайындалады. Әсіресе, тәрбиешілер негізгі жұмысын сырып тастап, осымен ғана шапқылап жүреді», — деп жазды Аслан Қажен.
Халық қалаулыларының бұл әрекетіне сыни пікір жазып жатқандар көп.
«Шұлығы жыртық шығар, ұялып шешпейді», «Саналарының жеткені сол болған ғой… Ең құрығанда аяқ киімдерін шешуге болады ғой», «Біздің депутаттар, министрлер проблемасы бар жерге келмейді. Олар сол, жаңадан салынған мектеп, балабақшаларды жағалап жүреді, тап өзі салып бергендей», — деп жазды желі қолданушылары.
Ақпарат www.instagram.com/shymda/ парақшасынан алынды .
[:]