АЛТЫНОРДА
Жаһан жаңалықтары

[:kz]Ресей Украинаның 20 пайыз аймағын басып алды — Зеленский[:]

[:kz]

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында саясаткерлер мен Люксембург халқына үндеу жасады, — деп хабарлайды Lenta.ru.ға сілтеме жасаған  Tengrinews.kz тілшісі

Зеленскийдің сөзінше, Ресей Украинаның 20 пайыз аймағын басып алған. Майдан сызығының ұзындығы 1000 шақырымнан асады. Сонымен қатар, Украина басшысы ресейлік әскер елдің 3 620 елді мекеніне кіріп алғанын мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, Владимир Зеленский Люксембург билігіне Украинаға қару бергені үшін алғыс айтты. Оның сөзінше, өзге елдермен салыстырғанда Люксембургте үлкен әскери қойма және ірі қорғаныс өндірісі жоқ.

«Бірақ сіздер ұлт деңгейінде ынтымақ көрсете біліп, ешқандай бюрократиясыз, уақытында қорғаныс көмегін ұсындыңыздар», — деді Зеленский. 

[:]